МТРА жаңалықтары

“Барст-Строй” дүкеніндегі жеңілдіктер

 

Ұсынған тауардың сапасы жоғары, ал бағасы көңілге қонымды. Петропавлда құрылыс материалдарын саудалайтын 4 бірдей “Барс-Строй” дүкені жұмыс істеп тұр. Соның бірі “Жас өркен” ықшам ауданында орналасқан.

Партизан көшесі, 48 мекенжайында орналасқан мына дүкен наурыз айында ашылған. Нысанның іші кең, жарық әрі жайлы. Орналасқан жері де тұрғындар үшін өте қолайлы.

Марина Бережная, “Барс-Строй” дүкенінің директоры:
– “Жас өркен” ықшам ауданында орналасқан дүкеннің ауласы кең. Көлік қоятын орын іздемейсіз, жер жеткілікті. Бір әттегені, біздің дүкен халыққа мамыр айынан бері тұрақты түрде қызмет көрсете алмады. Себебі, Партизан көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жуырда шаруа аяқталып, жол ашылды.
Жаңа және тұрақты сатыпалушыларымызға дүкеніміз таңғы 9-дан кешкі 8-ге дейін қызмет көрсетуге дайын. Бізде әрлеуге қажет және құрылыс материалдарының сан алуан түрі бар.

Тұсқағаз, түрлі дизайндағы есіктер, линолеум, ламинат, сантехникалық жабдықтар, электр құралдары мен осы сынды өзге де тауарлар. Бұл “Барс-Строй” дүкенінде сатылатын дүниелердің бір парасы ғана. Мұнда бау-бақшаға қажет бұйымдар да баршылық. Құрылыс материалдары көрші өңірлерден және Ресей мен Еуропа елдерінен жеткізіледі.

 Карина Волкова, «Барс-Строй» дүкенінің сатушы-консультанты:
– Дүкенде тұрақты түрде клиентеріміз үшін жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, қазіргі таңда панельдерге 15 пайыздық жеңілдік беріп отырмыз. Сондай-ақ, ламинаттың 3 бірдей түрін 20 пайызға арзанырақ сатып алуға болады. Жаңа үй алып, оған жөндеу жұмыстарын жүргізгелі жатқандарға – 8, ал зейнеткерлерге 5 пайыздық жеңілдік қарастырылған. «Барс-Строй» дүкенінен алған тауарыңыздың бағасы 70 мың теңгеден асса, онда жүкті үйіңізге дейін тегін жеткізіп береміз. Біздің дүкенде тауар құнын бөліп төлеуге де болады.

Нысанның мына бөлігінде түрлі түсті тұсқағаздар жайғастырылған. Олар винил, флизелин қағаз негізінде жасалған. Бұл тауар түрі көбіне Ресей, Бельгия мен Италия елдерінен жеткізілген. Ең бастысы, қабырға көркін қалтаның қалыңдығына қарай таңдап алуға болады. “Барс-Строй” дүкенінің сатушы-консультанты Валентина Кондратованың сөзінше, петропавлдықтардың арасында көбіне бельгиялық тұсқағаздар сұраныста.

«Барс-Строй» дүкендер желісінде клиенттерге арналып Call-орталық құрылған.
Бірыңғай байланыс орталығына тұрғындар қандай тауардың қолда барын білу үшін хабарласады екен.

 Әсел Омарова, «Барс-Строй» дүкеніне қарасты Call-орталығының операторы
– Дүкенде клиенттер үшін Call-орталығы қызмет етеді. Бірыңғай байланыс орталығына күніне 35-40 қоңырау түседі. Call-орталығының нөмірі 8-701- 518-19- 41.

Айта кетейік, “Барс-Строй” компаниясы облыс орталығында 20 жылға жуық жұмыс істеп келеді. Танымал дүкендер желісінің ауқымы жыл сайын кеңейіп, жаңа филиалдары ашылып жатыр.


Дана Ешкенова