МТРА жаңалықтары

Қазақстанда бір айда тауарлар мен қызметтер бағасы өсті

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен қызмет көрсету бағасы өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ағымдағы жылдың қазан айында елде айлық инфляция 1,6%-ды құрады, ал жылдық инфляция 18,8%-ға жеткен. Теріс динамиканың қалыптасуына негізінен азық-түліктің қымбаттауы әсер еткен көрінеді. Мәселен, қазан айындағы бағаларды қыркүйекпен салыстырғанда күнделікті тұтынатын өнімдер құны 1,4%-ға қымбаттаған, ал азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 1,7 пайызға артқан.


Дана Ешкенова