Ауа райы

Қараша айының ауа райы қандай болмақ?

Қазан айы құбылмалы болып, өтті. Кезек қарашада.
Күздің үшінші айы қандай болады? Қар қанша жауып, қашан бекиді деген сұрақ туындауы мүмкін. Синоптиктердің сөзінше қараша бірқалыпты өтеді. Орташа темпетурасы -6,-8 градус шамасында болады.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «Қазгидромет» АҚ СҚОФ бөлім жетекшісі:
–  Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, облыстың шығысында 3 градус жылыдан 5-10 градус аязға дейін, күндіз 2 градус аяз, -3 градустан 0-5 градус аязға дейін біртіндеп төмендеу күтіледі.

Айдың ортасында ауа температурасы күндіз +5 градустан -7,-12-ге төмендеуі мүмкін. Кейін сәл жылынуы тиіс.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «Қазгидромет» АҚ СҚОФ бөлім жетекшісі:
–  Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 12-17 градус аязға, облыстың солтүстігінде 20 градус аязға дейін, күндіз 7-12 градус аязға дейін төмендеуі болжанады. Содан кейін ауа температурасы түнде 7-12 градус аязға дейін, күндіз 2-7 градус аязға дейін жоғарылауы күтілуде.

САМАЛ ЖҮНІСОВА, тілші:
– Айдың соңында облыстың солтүстігінде түнде -20, күндіз -15 градус аяз болады деп күтілуде. Синоптиктер бұл уақытта қар жауады деп болжайды. Ал жауын-шашын нормаға сай болмақ.


Самал Жунусова