МТРА жаңалықтары

Аттестат пен диплом цифрлық форматта қолжетімді

 

Енді аттестаттар мен дипломдар QR-код бойынша цифрлық форматта беріледі.

Қазақстандықтар Egov-тағы жеке кабинеті арқылы орта білім туралы аттестат пен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының дипломын цифрлы форматта ала алады. Сондай-ақ, мектеп пен колледж түлектеріне QR-коды бар дәстүрлі қағаз түріндегі сертификат пен дипломдар беріледі. Цифрлы құжаттар Ұлттық білім беру деректер базасына орналастырылады. Сондай-ақ, құжаттар қағаз нұсқасында да болады. QR-код сертификат­тың немесе дипломның түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді.


Дана Ешкенова