МТРА жаңалықтары

6637 әскери бөліміне – 60 жыл

Петропавлдағы 6637 әскери бөлімі 62-ші жылдың қарашасында құрылған. Қазігі уақытта бөлімде мыңға жуық адам қызмет етеді. Бұның бәрі – әскери қызметкерлер. Оған қоса мұнда 600 сарбаз азаматтық борышын өтеп жатыр. Әскери бөлімнің 60 жылдығына орай Жастар сарайында салтанатты шара өтті. Жиында облыс әкімінің қорғаныс және әскери қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Дәулет Толыбай жастар мен ардагерлерді айтулы күнмен құттықтады.

ДӘУЛЕТ ТОЛЫБАЙ, СҚО әкімінің қорғаныс және әскери қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі:
– Соңғы 30 жыл ішінде әскери бөлімінің жауынгерлік қызметі біздің жас, қарқынды дамып келе жатқан тәуелсіз мемлекетіміздің тарихымен тығыз байланысты. СҚО басшылығы мен өз атымнан әскери бөлімінің барлық жеке құрамы мен ардагерлерін осы айтулы күнмен құттықтаймын. Сіздерге жақсылық, бақыт пен денсаулық тілеймін. ҚР-сы өркендеуі үшін жауынгерлік қызметте табыс тілеймін.

Жиын барысында сала ардагерлеріне Ұлттық ұлан бас қолбасшысының медалі табыс етіліп, әскери бөлімнің үздік қызметкерлері де марапатталды. Солардың бірі – Досым Нұрсейітов. Азамат – 1-ші атқыштар ротасының командирі. Қызметтік парызын адал атқарып жүрген маман облыс әкімінің алғыс хатына ие болды.

ДОСЫМ НҰРСЕЙІТОВ, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінің бөлімше командирі:
– Біздің рота сотталғандарды тасымалдаумен айналысады. Әскери қызметте жүргеніме 10 жыл болды. Менің еңбегімді бағалап, бүгін марапаттағандарына ризамын. Отаныма әрдайым адал қызмет етуге әзірмін.

Әскери бөлімнің мерейтойына арналған жиында 150-ге жуық адам түрлі дәрежедегі марапатқа ие болды.

МАҚСАТ МҰҚАЕВ, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлім командирінің орынбасары:
–  Бүгінгі таңда 6637 әскери бөлімінің жеке құрамы жауынгерлік дәстүрді ұстана отырып қызметтік міндеттерін атқарып келеді. Бейбіт елдің тыныштығын күзетуде. Еліміздің тыныштығын СҚО-да бақылайтын әскери құрамға жедел мақсаттағы батальон, атқыштар ротасы мен «Бүркіт» бөлімшелері кіреді.

Жиын соңы концертке ұласты.

иш83


Самал Жунусова