МТРА жаңалықтары

183 ауылдық округ әкімі оқу курсынан өтті

 

Ауылдағы ағайынның тұрмыс жағдайы тікелей округ әкіміне байланысты екені сөзсіз. Сол себепті, әрдайым халық қалаулыларының біліктіліктерін арттырып отыру маңызды. Қазан айының 26-сы мен 28-і аралығында ауылдық округ әкімдері үшін оқу курстары ұйымдастырылды. Семинарда дүйім жұрттың алдында ойды ашық жеткізу, Әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша дәріс жүргізілген.

АЙГҮЛ ЖАМАНТАЕВА, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы СҚО бойынша филиалының кабинет меңгерушісі:
–  Облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловтың тапсырмасына сәйкес СҚО бойынша Академия оқу бағдарламасын әзірледі. Оған сәйкес 24 сағат көлемінде «Коммуникациялар және БАҚ» бойынша біліктілікті арттыру семинары өткізілді. Семинардың мақсаты – ауылдық округ әкімдерінің кәсіби және коммуникативті дағдыларын дамыту.

Нәтижесінде, 183 атқамінер білімдерін толықтырды. Оның ішінде Қызылжар ауданындағы Якорь ауылдық округінің әкімі Валерий Тихий де бар. Атқамінердің бұл қызметте жүргеніне 2,5 жыл болыпты. Дәрістің әрқайсысын мұқият тыңдап, мол ақпарат алған.

ВАЛЕРИЙ ТИХИЙ, Якорь ауылдық округінің әкімі, Қызылжар ауданы:
–  Бастапқы кезде көпшілік алдында сөз сөйлеу, тілшілерге сұхбат беру сәл қиындық тудыратын. Уақыт өте келе етіміз үйреніп қалды. Курста тәжірибелі мамандар дәріс беріп, барлығын егжей-тегжейлі түсіндіріп отырды. Менен бөлек, қол астымдағы қызметкерлер де біліктіліктерін жиі арттырып отырады. Арнайы қалаға келіп, кейде қашықтықтан ұйымдастырылатын семинарларға ат салысып отырады.

Өңір бойынша 486 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырған. 103-і қайта даярлау курсынан өтті.

ГҮЛНӘР ЖУСАЛИНА, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының басшысы:
– Жалпы, біздің облысымызда 146 мемлекеттік қызметшінің шетелдік білімі бар.
01:58/ «Болашақ» бағдарламасының 3 түлегі, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының 13 түлегі және Президенттік жастар кадрлар резервінің 3 резервшісі жұмыс істейді.

Ал қазіргі уақытта мына аудиторияда мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері біліктіліктерін арттыруда.


Алтынай Казиканова