МТРА жаңалықтары

СҚО-да тағы да тіркелмеген қару табылды

 

Тағы да еш жерде тіркелмеген 3 қару анықталды. Қызылжар ауданының 56 жастағы тұрғыны 12 және 16 калибрлі мылтықтарды қорасында сақтаған. Қару жиналған күйі көзге көрінетін, адам қолы жететін жерде тұрған. Заңсыз сақталған дүниелер тәркіленіп, сараптамаға жіберілді, ал ер адам жауапкершілікке тартылады. Жалпы, жыл басынан бері өңір полицейлері еш жерде тіркелмеген 100-ге жуық қару тәркілеп алған.


Самал Жунусова