МТРА жаңалықтары

СҚО-да бір аптада 40-қа жуық мас жүргізуші ұсталды

Өңірде биыл масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізушілердің кесірінен 16 жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 5 адам қаза тауып, 16-сы жарақат алды.
Өткен бір аптаның өзінде 38 адамның рөлге ішімдік ішкен күйі отырғаны анықталды. Жалпы, облыста қаңтар айынан бері 9 жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, мыңға жуық мас жүргізуші ұсталған. Оның барлығы жауапкершілікке тартылды. Естеріңізге сала кетейік, көлікті масаң күйде тізгіндеген адамға қатысты 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.


Самал Жунусова