МТРА жаңалықтары

Сайлауға кел!

 

Кезектен тыс Президент сайлауына тура 19 күн қалды. Халық саяси маңызды іс-шарадан шет қалмауы қажет. Әр дауыс аса маңызды. Осыны жақсы білетін белсенділер тұрғындардың барлығын қарашаның 20-сында қалыс қалмай, таңдау жасауға шақырады.

ӘНУАР ТОҚПАНОВ, “Рух.Тіл.Жаңғыру” ҚБ төрағасы:
– Бұл сайлауға 18 жасқа толған азаматтың барлығы қатыса алады. Ұлтқа, нәсілге, тілге, дінге назар аударылмайды. Ауыл тұрғындарын толығымен қатысуға шақырамын. Сайлауға мен де барамын. Сіздер де келіңіздер!

Аға буын өкілдері маңызды шараға біркісідей қатыспақ. Қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Татваев солтүстікқазақстандықтармен сайлау учаскесінде жүздесетініне сенімді.

ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:
– Әр дауыс маңызды. Бәріміз келейік. Өзіміз таңдаған кандидатқа дауыс берейік. Бәріңізді шақырамын!

Президенттікке үміткерлер жастарға сенеді. Ал қыз-жігіттер аянып қалмауы тиіс. Жергілікті белсенді Сәлімхан Сәбитов Мағжан Жұмабаевтың жырына арқау болған жандар бұл жолы да сенімді ақтайды деген ойда.

СӘЛІМХАН СӘБИТОВ: “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің басшысы:
– Елімізде халықтың саны 19 млн-нан асты. Әр дауыс маңызды. Себебі, ертең сол дауыстардың арқасында таңдалған үміткер дауыс берушілердің мүддесін қорғайтын болады.

Айта кетейік, кезектен тыс Президент сайлауының әділ өтуін ТМД-дан келетін 100-ден астам бақылаушы қадағаламақ.


Байболат Култанов