ТЖ

Күзгі-қысқы кезеңде судағы оқыс оқиғалардың алдын алу

 

Күн салқындағанымен, өзен-көлдердің беті әлі жөнді қата қойған жоқ. Мұны бірінші кезекте солтүстікқазақстандық балықшылар ескеруі қажет. Бұл туралы бүгін төтенше жағдайлар департаментінде өткен брифингіде айтылды. Мамандардың сөзінше, 1 адамды қалыңдығы шамамен 7 см болатын мұз көтере алады. Ал 2 немесе одан да көп адам болса, мұз одан да қалың болуы керек.

ҚАЙРАТ САМАЕВ, СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы бастығының орынбасары:
–  Облыста 2 мыңнан астам көл, өзен мен басқа да су айдыны бар. Олардың 250-ге жуығы балық аулау мақсатында пайдаланылады. Осы ретте балықшылар арасында профилактикалық шаралар өткізіп жатырмыз. Күз келгелі 3 мыңға жуық адаммен тілдесіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндірдік.


Самал Жунусова