МТРА жаңалықтары

Әскери борышын өтеген азаматтар ЖОО-да тегін білім ала алады

Бір жылда әскерге барғандардың 10 пайызы жоғары оқу орындарына тегін жолдама алады. Жаңа жоба елімізде келер жылы қолға алынады.

Қорғаныс пен Жоғары білім және ғылым министрліктерінің ортақ меморандумға қол қоюы аясында әскери салаға жаңашылдық енгізіледі. Яғни, Отан алдындағы борышын өтеген сарбаздардың енді тегін мемлекеттік грантқа ие болуға мүмкіндіктері бар. Бүгінгі таңда еліміздің 50-ге жуық жоғары оқу орындарымен келісім шарт жасалған. Қазір білім ордалары жауынгерлер тегін түсе алатын мамандықтар тізімін дайындап жатыр. Айта кетейік, бұл мүмкіндікті әскери қызметті абыроймен атқарғандар ғана пайдалана алады. Жауапты ведомство бұл жаңашылдықты жастарды әскерге баруға ынталандыру үшін енгізуде.


Дана Ешкенова