МТРА жаңалықтары

Облыстық ҚХА-да Журналистер клубының отырысы өтті

 

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер клубы 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Ұйымға 20-ға жуық адам мүшелік етеді. Араларында тәжірибелі журналистер де, мектеп оқушылары да бар. Бүгін өткен «Сөздің қуаты» атты жиында «Шаңырақ» облыстық байқауына қатысқан клуб мүшелері марапатталды. Николай Вербовский -«Шаңырақ» байқауының жеңімпазы. Ғ.Мүсірепов ауданының тұрғыны бұған дейін бұл конкурсқа бірнеше рет қатысыпты. Журналистер клубының мүшесі атанғанына 2 жыл болған. Байқау барысында ол Ассамблеяның қоғамда алатын орны мен маңызы жайында ауқымды мақала жазған.

НИКОЛАЙ ВЕРБОВСКИЙ, байқау жеңімпазы
–  Менің еңбегім Ассамблея туралы және ұлтаралық пен этносаралық келісім жайында. Біз Қазақстан халқы Ассамблеясының жергілікті жерде жұмыс істеу идеясын көрсетеміз. Біздің этномәдени бірлестік атқарып жатқан игі жұмыстарымен бүкіл ел көлемінде танымал. Мәдени және этносаралық келісім мәселелері жөніндегі халықаралық форумдарға да қатысамыз.

ДИНАРА ЕЛЕУОВА, облыстық ҚХА бөлім жетекшісі:
– «Шаңырақ» байқауына биыл 10-нан астам жұмыс келді. Жалпы, сайыс жыл сайын ұйымдастырылады. Онда тек мақалалар ғана емес, бейнероликтер мен әлеуметтік желілерге салынған посттар да бар. 03,15 Жеңімпаздарды республикаға жібереміз. Қараша айында Астана қаласында «Шаңырақ» республикалық журналистер клубының марапаттау рәсімі өтеді.


Самал Жунусова