МТРА жаңалықтары

Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі қысқы топтамамен толықты

 

Беларусь елінде өндірілген сапалы аяқ киімінің жәрмеңкесі қысқы топтамамен толықты. Петропавлдықтарға әйелдер мен ерлер етігінің кең ассортименті ұсынылған. Бағалары да қолжетімді. Жәрмеңкеде кез келген жанның талғамынан шығатын, түрлі түсті, ұзынды-қысқалы аяқ киім табуға болады. Тауардың барлығы сапалы материалдан тігілген әрі әрқайсысы ыңғайлы етіп әзірленген.

АННА ЛАЗИНСКАЯ, сату жөніндегі менеджер:
– , Бздің аяқ киімдеріміз таза былғарыдан тігілген. Сапасы жоғары. Жалпы, біздің өнімдеріміз жоғары сұранысқа ие. Етіктердің ең төменгі бағасы әйелдер үшін 11 мың теңге, ал ер адамдардікі 18 мың теңге тұрады.

Шетелдік өнімдер, әсіресе, зейнеткерлер арасында жоғары сұранысқа ие.

БЛИЦ
– Аяқ киім жәрмеңкесі өтіп жатқанын теледидардан көрдім. Етіктері өте ыңғайлы. Сапалы екені көрініп тұр.
–  Өзіме қысқы етік қарастырып жүрмін. Бірнешеуін киіп көрдім. Таза былғарыдан тігілген. Бағалары да қымбат емес.

Тұрғындар қажетті тауарды Ш.Уәлиханов көшесі, 15А мекенжайы бойынша орналасқан нысаннан таба алады. Жәрмеңке таңғы 10-нан кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істемек.


Самал Жунусова