МТРА жаңалықтары

Отбасына тиыштық бермеген мыңнан астам адам жазаланды

Алкогольдік ішімдік ішіп, отбасы шырқын бұзатындар көбейді. Ағымдағы жылы ащы суға тойып алып, бірге тұратын әйелге пышақ сұғып, жарақаттағаны үшін 59 жастағы петропавлдық жауапкершілікке тартылды. Алғашында сот оны 4 жылға бас бостандығынан шектеп, спирттік өнім ішуге қатаң тыйым салған. Бірақ, мұны солтүстікқазақстандық құлағына да ілмей, бұрынғы әдетіне қайта басқан. Содан кейін сот ер адам қалған мерзімін үйде емес, темір тордың арғы жағында өтейді деген шешім шығарған. Айта кетейік, жыл басынан бері жанұясына тиыштық бермеген мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды.


Алдияр Айтпаев