МТРА жаңалықтары

Петропавлда 2-ші қабаттан құлаған ер адам анықталды

Әлеуметтік желіде тараған мына бейнежазбадағы ер адам анықталды. Оқиға қазанның орта кезінде болған. Петропавлға жұмыстарымен келген Ғ.Мүсірепов ауданының тұрғыны пәтер жалдайды. Әуезов көшесінің бойындағы

Әлеуметтік желіде тараған мына бейнежазбадағы ер адам анықталды. Оқиға қазанның орта кезінде болған. Петропавлға жұмыстарымен келген Ғ.Мүсірепов ауданының тұрғыны пәтер жалдайды. Әуезов көшесінің бойындағы үйлердің біріне орналасқан 38 жастағы азамат ішімдік ішіп, абайсызда екінші қабаттан құлап кеткен.

СЕЙІЛБЕК ЕЛЖАСОВ, қалалық ПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары:
–  Кейін масаң күйінде балконға темекі шегу үшін шығып, өзінің абайсыздығынан 5 қабатты үйдің 2-ші қабатынан құлаған. Кейін азамат өздігінен орнынан тұрып, пәтерге оралған. Аталған факті бойынша ер адам ешкімге шағымы жоқтығын айтып, сот медициналық сараптамадан өтпейтінін хабарлады.


Самал Жунусова