МТРА жаңалықтары

Өңірде тұрмыстық қатты қалдықтың 17 пайызы ғана өңделеді

Өңірде тұрмыстық қалдықтың 17 пайызы ғана өңделеді. Бұл жайында облыстық экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов мәлім етті. Оның айтуынша, 2016 жылдары облыста 11 кәсіпорын жұмыс процесінде қатты қалдықты қайта өңдеу мақсатында пайдаланған. Алайда, оның басым бөлігі
жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болған. Себебі, қазіргі таңда қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу ісін субсидиялау тоқталыпты. Осы ретте Петропавлда аулалардың барлығында дерлік негізгі қоқыс жәшігінің қасында тұратын қосымша жәшіктерінің қайда кеткендігін айта кетейік. Бұл жәшіктерді «Оператор РОП» компаниясы қойған. Өкінішке қарай, тиісті қаржыландыру болмаған соң бұл ұйым да жұмысын тыйған.

Азамат Бектасов, СҚО экология департаментінің басшысы:
– Қазіргі таңда министрліктермен осы мәселе бойынша шешім іздестіріп жатырмыз. «Оператор РОП» компаниясының жұмыстары қазір “Жасыл даму” мекемесіне берілді. Жергілікті атқарушы органнан бұл бағыттарға қаржыландыру қарастырылмаған. Бізде қоқыстарды қабылдау орындары бар. Тұрғындар қалдықтарды тапсырып, үстінен ақша ала алады.


Дана Ешкенова