Спорт

“Kuanish” ВК ел кубогының финалында

Петропавлда волейболдан әйелдер арасындағы ел кубогы аяқталуға жақын. Бүгін жартылай финал ойындары өткізілді. Жергілікті “Kuanish” ВК өз алаңында алматылық “Almaty” командасымен бақ таластырды. Тартысқа толы кездесуде солтүстікқазақстандықтардың асығы алшысынан түсіп, финалға жолдама алды. Ақтық сында петропавлдық ұжым талдықорғандық азулы “Altay”-мен чемпиондық атақ үшін күш сынасады. Қос мықты арасындағы ойын ертең 16:00-де “Kuanish” ВК спорт кешенінде өтеді. Айта кетейік, КСРО-ның және ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Валерий Елисеевті еске алуға арналған дүбірлі додада 8 команда бақ сынасты.


Алдияр Айтпаев