МТРА жаңалықтарыМәдениет

Петропавлда “Жас ұрпақ – Қазақстан” атты шығармашылық фестиваль өтті

 

Жас ұрпақ – Қазақстан. Бүгін осындай атаумен Республика күні қарсаңында шығармашылық фестиваль ұйымдастырылды.

Іс-шараға өңірдің түкпір-түкпірінен 400-ден астам өнерлі жас жиналды. Ұл-қыздар ұлттық би билеп, жұртшылыққа өз өнерлерін паш етті. Фестиваль шымылдығын “Бұлақтар” би ансамблі ашты. Жас бишілер “Біз біргеміз” биін орындап, кеш шырайын кіргізді.

Келесі болып сахна төріне “Қуанамын” би ансамблінің бишілері жарқ етіп шықты. Көздің жауын алатын ұлттық костюмдегі өнерпаздар ұлттық нақышта “Ұлы дала” биін билеп шықты. Өнер көрсеткен 29 қыздың ішінде Әдия Хайырбек те бар. 12 жастағы жеткіншек бұл ансамбльде 4 жасынан би билейді.

Әдия Хайырбек, “Қуанамын” би ансамблінің мүшесі
– Мен 8 жыл бойы бимен айналысамын. 4 жасымда болғанда мені анам осы ансамбльге әкелді. 01:07 Республика күні – өте маңызды мереке. Сондықтан, қазақ биін биледік.

“Жас ұрпақ – Қазақстан” шығармашылық фестивалінде жалпы 23 ұжым өз өнерлерін паш етті. Бұған дейін мұндай іс-шара жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында өтетін.

САЯН ЕРМЕК, облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі:
– Бүгін жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы Республика күні қарсаңында “Жас ұрпақ – Қазақстан” атты шығармашылық фестиваль ұйымдастыруда. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды патриотизмге тәрбиелеу.

Шара соңында барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды.


Дана Ешкенова