МТРА жаңалықтары

Отбасылық үлгідегі балалар ауылында қайырымдылық акциясы өтті

Петропавлдағы гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері үшін қайырымдылық акциясын өткізді. Жастар аниматорлардың кейпіне еніп, ұл-қыздарға көтеріңкі

Петропавлдағы гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері үшін қайырымдылық акциясын өткізді. Жастар аниматорлардың кейпіне еніп, ұл-қыздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Яғни, ән шырқап, би биледі, шарлардан түрлі фигуралар жасау бойынша шеберлік сабақтарын да өткізді. Шара Республика күні қарсаңында ұйымдастырылғанын қоса кету қажет. Соңында балаларға сыйлықтар табыс етілді.

КИРИЛЛ КОВЕЦКИЙ, Гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті:
– Бұл жерге бірінші рет келіп отырған жоқпыз. Мереке аясында балалардың көңіл-күйін көтеріп, бір серпілткіміз келді. Өзіміз студенттік парламенттің құрамында болғандықтан, жеке келіп, құттықтауды жөн көрдік. Балалардың көңілінен шықты деген үміттеміз.


Алтынай Казиканова