МТРА жаңалықтары

Республика күніне орай дөңгелек үстел жиыны өтті

 

Ел тәуелсіздігінің іргетасы. Осыдан 32 жыл бұрын қазанның 25-інде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Нәтижесінде еліміздің саяси-құқықтық негіздері жарияланған болатын. Қазақстанның азаматтығы, территориямыздың тұтастығы және оған қол сұғылмайтындығы, мемлекеттік рәміздері, бюджеті бекітілді.

ЗӘМЗӘГҮЛ ЗАКИРИНА, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің архивисі
– Сол кездері Қазақстанда атышулы Семей полигоны бар еді. Декларацияның 11-тармағында ел аумағында полигондардың жұмыс істеуіне тыйым салынатындығы туралы жазылған. Сөйтіп, 91-ші жылдың 29-шы тамызында бұл қауіпті жер жабылды. Жалпы, дәл осы құжаттың біз үшін маңызы зор. Декларация қабылданғаннан кейін халқымыз бен елдегі өзге ұлт өкілдерінің де мәдениеті, салт-дәстүрі дами түсті.

Айта кетсек, құжат 17 тармақтан тұрады. Декларация мәтіні, оған арналып жарық көрген мақалалар басылған газеттер Петропавлдағы архивте сақтаулы. Баспасөз беттеріндегі материалдар мен маңызды құжаттың көшірмесі көрмеге шығарылды. Республика күніне арналған жиынға қатысушылар декларацияның мән-мағынасын, алатын орнын сөз етті.

НАЗЕРКЕ РАМАЗАНОВА, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің архивисі
– Жалпы, бүгінгі іс-шарамыз өскелең ұрпаққа Отанын сүю, тарихын жетік меңгеру, өзінің тілін, дінін, ділін, қоғамға еңбегі сінген тарихи тұлғалары біліп, парасатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде қатысушыларымыз егемендік алу тарихын, оның мәнін, бұрын қалай тойланғанын баяндады.

Назерке Рамазанова бүгінде тәуелсіз, егеменді ел болып өмір сүруіміз ата-бабаларымыздың маңдай терінің жемісі деп біледі. Нәзікжанды мерекеге орай «Алаштың арыстарына» атты өлең жазған.


Алтынай Казиканова