МТРА жаңалықтары

СҚО-да бір тәулікте 9 мас жүргізуші ұсталды

Облыста бір тәулікте 9 мас жүргізуші ұсталды. Соның бірі жуырда таңғы 5-тің шамасында Шухов пен Назарбаев көшелерінің қиылысында құрықталды. «Mercedes» маркалы көлікті
басқарған 35 жастағы қала тұрғыны каннабиноидқа елтіп алған. Ер адам әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Бұған қоса соңғы тәулікте маневрді дұрыс жасамаған 15 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері облыста осындай теріс іс-әрекеттің салдарынан 26 жол-көлік оқиғасы болды. 8 адам қаза тауып, 50-ге жуығы жарақат алды.


Самал Жунусова