МТРА жаңалықтары

Республика күні мерекесінің маңызы

Жиын соңында өңір жетекшісі Республика күні мерекесінің маңызы мен оны мерекелеу жоспарына тоқталып өтті. Қазанның 22-сі күндері облыс пен аудан орталықтарында салтанатты жиындар өтеді, ал 25-сінде концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Мерекелік іс-шаралар ауылдық округтерде де өтеді.

 Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
–  Орақ науқанының нәтижесі жаман емес. Осы орайда біз алғыс айтуға тиіс адамдар бар. Аудан әкімдерінен бұл жұмысты барлық ауылдарда өткізуді сұраймын. Биыл еліміз бастан өткерген оқиғалар бізге бірлік, татулық пен патриотизмнің қаншалықты қымбат екендігін көрсетті. Республика күні – аса маңызды мерекелердің бірі. Сол себепті, оны өңірдің түкпір-түкпірінде жоғары деңгейде атап өтуіміз керек.


Алдияр Айтпаев