ТЖ

Құтқарушылар күніне орай ашық есік күні өтті

19 қазан – Құтқарушылар күні. Осыған орай бүгін қаладағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күні өтті. Бүгін мамандардың жұмысымен Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері танысты. Жастар арнайы құрал-жабдықтарын қарап, мекеме автопаркін шолып өтті. Сондай-ақ, өрт сөндірушілердің аса ауыр жұмысына да көз жүгіртті. Мекемеде ұйымдастырылған шара Захар Будкиннің көңілінен шығыпты. Қазір 3-ші курста оқып жүрген студент 1-2 жылдан кейні өңіріміздің құтқарушылар қатарын толықтырады.

ЗАХАР БУДКИН, СҚ кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті:
– Экскурсия қызықты өтті. Мұндай шаралар біздің салаға деген қызығушылығымды арттырады. Сондай-ақ, болашақта өз көмегін береді. Жұмысқа орналасқан кезде бүгін көрген нәрселеріміз жайлы түсінік қалыптасады.

Мамандардың айтуынша жыл соңына дейін өңірге салалық 8 су жаңа техника жеткізіледі. Көліктер бөлімшелер арасында үлестіріледі.
Жалпы, бүгін шараның бастауы ғана. №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күні қазанның 19-ына дейін жалғасады.


Алдияр Айтпаев