Ақан сері атындағы облыстық филармония әртістері концертпен №13 орта мектебінде болды. Бұл білім ұясының оқыту барысына инклюзивті білім беру жүйесі ендірілген. Білім ұясында 20-ға жуық ереше бала білім алады. Қыздар мен ұлдар әртістердің өнерін қызығушылықпен тамашалады. Сондай-ақ, филармония ұжымы оқушыларға үстел ойындарының жабдығын табыс етті.
ҚЫМБАТ ОСПАНОВА, Ақан сері атындағы облыстық филармония директорының орынбасары:
– 13-ші мектепті таңдағанымыз мұнда 18 мұқтаж бала оқиды екен. Сонымен қатар, Республика күнінің шеңбері аясында біз осы мектепті таңдадық. Балалардың көңілдерін көтеру мақсатында осындай концерттік бағдарлама әкеліп отырмыз.
Гульден Симбаева