МТРА жаңалықтары

“Өрлеу” филиалында “Оқытушы” жаңа кәсіби стандарты талқыланды

“Өрлеу” филиалында “Оқытушы” жаңа кәсіби стандарты жайында сөз қозғалды. “Өрлеу” филиалының білім беру бағдарламалары енді аталған кәсіптік стандарт аясында әзірленіп, жаңартылады. Сондай-ақ, педагогтарды сертификаттау және аттестаттау рәсімдері мен үздіксіз кәсіби дамудың мазмұны, педагог кадрларды қызмет бойынша ілгерілету стратегиясы құрылатын болады.

ГҮЛЗӘТ ӘЛЖАНОВА, “Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы СҚО ПҚ БАИ аға оқытушысы
– ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы бойынша педагогтың кәсіби стандарты құжаты әзірленді. Бұл құжат бойынша барлық “Өрлеу” филиалдарына тапсырма берілді. Яғни, ол тапсырма – түсіндіру-ақпараттық жұмыстарын жүргізу. Түсіндіру-ақпараттық жұмыстарына барлық білім беру ұйымдарының басшылары, әдістемелік орталықтар және барлық педагогикалық қауым қатысатын болады.


Гульден Симбаева