МТРА жаңалықтары

СҚО-да шетелдік еңбек күшін заңсыз пайдаланғандар жауапкершілікке тартылды

Облыста полиция қызметкерлері “Заңсыз келуші” деген атаумен жедел-алдын алу шарасын өткізіп жатыр. Оның аясында жалдамалы пәтерлер, құрылыс алаңдары, базарлар мен фермерлік және шаруа қожалықтары тексерілуде.
Мамандардың айтуынша, солтүстікқазақстандықтар оларға шетелдік азаматтардың келгені жайында көші-қон қызметін үш күннің ішінде хабардар ету туралы заң талабын жиі бұзады екен. Жедел-профилактикалық шараның 4 күнінде бұндай 77 факті анықталған. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін – 10 жұмыс беруші, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 92 шетелдік жауапқа тартылыпты. Қазақстанда болу мерзімін сақтамаған 7 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылған.


Данаш Хамзина