Спорт

3 ұпай қоржынға түсті

Қоржын 3 ұпаймен толықты! Сенбіде Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғайтын “Qyzyljar” футбол клубы атыраулық “Atyrau” командасынан басым түсті. “Қарасай” стадионында өткен матч 3 те 1 есебімен аяқталды. Бұл ойында алдымен Пабло Подио жанкүйерлердің төбесін көкке жеткізді. Кейін тағы бір жартылайқорғаушы Юрий Бушман дубль авторы атанды. Аса маңызды жеңістен кейін жергілікті ұжым турнирлік кестеді 11-ші сатыға көтерілді. Ендігі қарсылас – оралдық “Akzhayik”. Кездесу сырт алаңда қазанның 23-ші жұлдызында өтеді.


Байболат Култанов