МТРА жаңалықтары

Ұлтжанды ұрпақ

 

Республика күніне орай С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жиын өтті. Мұнда балалар мен жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу жайында сөз қозғалды. Балалар өз елін мақтан тұтып, туған тілі мен мәдениетін біліп, Отанын қадірлей білуі керек. Қазақтың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» деп бекерден-бекер айтпаған. Шыңғысхан Рымбаев – Ұлттық Ұлан Академиясының студенті. Болашақ әскери маман әр қазақ баласы патриот болуы керек. дейді.

ШЫҢҒЫСХАН РЫМБАЕВ, ҚР ҰҰ Академиясының студенті:
– Әр жастың жүрегі елім, жерім деп соғып тұруы қажет. Ішіндегі сезімі, көзінен оты жайнап, ойнап тұруы керек деп ойлаймын. Себебі, жерімізді біз ойламасақ бізден басқа ешкім ойламайды. Әр қазақтың сеніп отырған әр азаматы, ол – біз, жастар.

Жалпы, шараға 40-тан аса адам қатысты. Қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Татваев балаларды мектепке дейін адамшылдық пен патриоттыққа тәрбиелеу керек дейді. Халқымызда баланы – жастан деген ұғым бар. Сондықтан, ата-бабадан келе жатқан игі дәстүрді жалғастырып, патриоттық тәлім-тәрбиені ұрпақтың санасы мен жүрегіне дарыта білу қажет. Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері жыл сайын 9-шы Мамыр күні сұрапыл соғысқа қатысқан майдангерлерге құрмет көрсетеді. Бұл да жастар үшін үлгі-өнеге дейді.

ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:
– 2019 жылы облыстық делагациясын бастап Ресей еліне барып қайттық.
Соғыс кезінде қаза тапқан 314-ші атқыштар дивизиясының солдаттары жатқан жерде болдық. Теріскей өңірінен топырақ алып бардық. Бұл да ұрпақтың келешегі үшін майданда жаумен қасық қаны қалғанша арпалысқан жандардың рухына деген құрмет пен тағзым.

Жиын соңында жастар аға буын өкілдеріне сұрақтарын қойды.


Гульден Симбаева