МТРА жаңалықтары

“Учаске” жедел-алдын алу шарасы

 

Облыста қазанның 1-інен бастап “Учаске” республикалық жедел-алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Шараның мақсаты – құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ, азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату. Қазіргі уақытта учаскелік инспекторға жүктеліп отырған міндет – жер үйлер мен пәтерлерді аралап шығу.

ЛЮФТ: (…Разбивают, да? – Разбивают самокатами, прыгают! Не слушают! Матерятся. – Ну все, их надо… ) 

Облыс орталығында аталған шара аясында учаскелік инспекторлар шағын аудандардың тұрғындарымен жиындар өткізіп жатыр. Сондай кездесулердің бірі Жұмысшы кентінде өтті.

Галина Тризна – зейнеткер

– Своего участкового знаете, часто приходит к вам? – Заходит, сообщает; когда – про интернет-мошенников, когда – просто что-то случается – мы в курсе всегда.

Әңгіме тақырыбы – қазір жиі кездесетін алаяқтықтың алдын алу.
Тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік желілерде жасырынып отыратын қулар
көп жағдайда зейнеткерлерге қоңырау шалады. Осы ретте полиция қызметкерлері алаяқтардың айла-амалдары жазылған жаднамалар таратты.
Қысқа да нұсқасы: танымайтын біреу хабарласса, сөйлесуді бірден доғару қажет.

Айнагүл Сауытбекова – қалалық ПБ учаскелік полиция инспекторының көмекшісі

– Біз Островский көшесі, 149-шы үйдің тұрғындарымен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша кездесу өткіздік. Осы үйдің тұрғындарымен сөйлестік. Алаяқтар хабарласқан кезде не істеу керек, қалай сөйлесу керек, бұл туралы кімге хабарласу керек? Алаяқтардың негізгі схемаларын айттық. Кездесуде үлкен кісілер болды.

“Учаске” шарасы қарашаның 1-іне дейін жалғасады. Осы ретте тәртіп сақшылары тұрғындардан осындай шараның өткізілуіне түсіністікпен қарауларын сұрайды. Шара басталғалы облыс бойынша 18 мыңнан астам пәтер мен 25 мыңнан астам жер үй қамтылды. Тұрғылықты жері бойынша есепте тұрған мыңға жуық адам мен жүзден астам отбасы тексерілді. 20-дан астам қаңғыбас адам ұсталған. Тәртіп сақшылары мыңнан астам жалдамалы пәтерге бас сұғып, 60-қа жуық жағдайда сол пәтерге қатысты ақпаратты салық органдарына жолдапты. Сондай-ақ, 2 мыңнан астам қару иесі тексеріліп, қаруды сақтау тәртібінің бұзылуына қатысты 6 факті тіркелген.


Данаш Хамзина