МТРА жаңалықтары

Шаһарда “Trust invest” компаниясы бизнес-кластағы үй тұрғызуда

 

Петропавлда “Trust invest” құрылыс компаниясы 3-ші көпқабатты үйді тұрғызуға кірісіп кетті.

Дәл қазір біз “Eurasia” тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңындамыз. Бизнес-кластағы 9 қабатты баспана Крепостная және Н.Назарбаев көшелерінің қиылысында бой көтеруде.

Мұнда тамыз айынан бері шаруа қызған. Мамандар сына қағып, жерасты автотұрағына орын дайындауда. Құрылыс алаңында негізінен отандық материалдар қолданылуда. Мамандардың сөзінше, бизнес-кластағы үй Петропавлда тұрғызылып жатқан бірде-бір баспанаға ұқсамайды. Үйдің сыртқы дизайны Астанада салынып жатқан элиталық баспаналардан аумайтын болады. Мұндағы пәтердің шаршы метрі әзірге 340 мың теңгеге саудалануда.

 МАРИНА КОЧНЕВА, “Trust invest” құрылыс компаниясының сату жөніндегі менеджері:
– Біздің “Eurasia” тұрғын үй кешені 3 блоктан тұрады. Яғни, бизнес-кластағы 3 подъезде барлығы 119 пәтер болады. Баспанада тиісті заманауи жағдайлар жасалады. Нақтырақ айтқанда, әр пәтерге Face ID функциясы бар бейнедомофондар орнатылады. Жерасты автотұрақ болады. Сондай-ақ, есіктерге кодтық құлыптар орнатылады. Айта кетейін, бизнес-кластағы пәтерлерді сату қазанның 13-інен ресми түрде басталды.

Бизнес-кластағы 9 қабатты баспана келесі жылдың соңына дейін қолданысқа тапсырылмақ. Элиталық жаңа ғимараттың жанынан тағы келесі жылы “Комфорт+” класты үйдің құрылысы бастау алмақ. Нысан 5 блоктан тұрады. Жалпы, “Trust invest” құрылыс компаниясы Петропавлда бұған дейін жайлылық кластағы 5 қабатты 2 үй тұрғызған. 31 және 38 пәтерлі баспаналар ағымдағы жылы қолданысқа тапсырылыпты.

МАРИНА КОЧНЕВА, “Trust invest” құрылыс компаниясының сату жөніндегі менеджері:
– “Trust invest” құрылыс компаниясы бұған дейін салған 5 қабатты кірпіш үйлердің 1 шаршы метрі 305 мыңнан басталды. Қазір бұл 2 үйде 1-2 бос пәтер бар. Біздің компания “Отбасы банкі”-мен бірлесе жұмыс істейді. Яғни, тұрғындар бізден баспананы кез келген бағдарлама бойынша сатып ала алады. Сондай-ақ, “7-20-25” бағдарламасы бойынша да ипотекалық несие рәсімдеуге болады.

Сөз соңында айта кетейік, “Trust invest” компаниясы Солтүстік Қазақстан облысының құрылыс нарығына кірмес бұрын Көкшетау қаласында біраз жыл сапалы әрі жайлы үйлер тұрғызған. Компания мамандары әр клиентпен жеке жұмыс істейді.


Дана Ешкенова