МТРА жаңалықтары

СҚО-да 9 айда жол-көлік апатынан 35 адам қаза тапты

 

Облыс жолдарында жыл басынан бері 221 жол-көлік апаты болды. Салдарынан 35 адам қаза тауып, 321 адам түрлі дене жарақатын алған. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары қазіргі уақытта рейд өткізіп жатыр. Іс-шара барысында мамандар әр жүргізушіге өз көлігін күзгі көктайғақ пен қысқа қамдау қажеттігін еске салуда.

ЛЮФТ:
– Не забудьте поменять резину на зимнюю. Во избежание непредвиденных ситуаций на дорогах. Резина зимняя готова у вас? – Да!

Көлік дөңгелегін ғана ауыстырып қоймай тежеу жүйесін де тексеру қажет.
Өңір климаты тұрақсыз, әдетте лезде күн суытып, жер қатса, жүргізушілер әбігерге салынып жатады.

Баян Байғаскина, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:
– Ауа райы бұзылған жағдайда республикалық маңыздағы жолдарда жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында патрульдеу бағыттары күшейтілген түрде қызмет атқарады.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жүргізушілерге алыс жолға шығардың алдында ауа райын бір шолып, төтенше жағдайлар қызметінен келген СМС-хабарламаға мән беру қажет дейді.


Дана Ешкенова