Білім

Өңір оқушылары арасында президенттік олимпиада өтіп жатыр

 

200-ден астам бала 4 пәннен сынға түседі. Облыстық деңгейдегі президентік олимпиада өңірде 2 бірдей нысанда өтіп жатыр. Оқушылардың басым көпшілігі ауданнан келіп отыр. 11-сынып оқушылары математика, физика, химия және биологиядан тест тапсырады.

ҚУАНЫШ БЕЛГІБАЙ, Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары:
–  Бескөл мектеп-колледжінде 60 бала қатысады. Оқушылар сарайында 150-ден астам бала қатысуда. Олимпиада 4 пән бойынша өтеді. Проторинг жүйесі YouTube каналы арқылы жүріп жатады. Әрбір ата-ана баласын ссылкамен кіріп көре алады.

Әр пәннен – 16 сұрақ. Барлығы – 64 сұраққа 2 сағат ішінде жауап беру керек.
Балауса Рсаева – Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл орта мектебінің оқушысы.
Бұрымды өз-өзіне сенімді. Білім додасына тыңғылықты дайындалыпты.

БАЛАУСА РСАЕВА, №2 Кішкенекөл орта мектебінің оқушысы, Уәлиханов ауданы;
– Олимпиадаға 1 ай көлемінде дайындалдым. 4 пәннің ішінен биология мен химиядан дайындығым жақсы деуге болады. Осы олимпиада да жақсы нәтижеге жетем деген ойдамын.

Облыстық кезеңнен сүрінбей өткен 20 оқушы республикалық олимпиадаға қатысады.
Одан үздік атанса белгілі бір жоғары оқу орнына грантқа түсуге мүмкіндік алады.


Гульден Симбаева