МТРА жаңалықтары

ҚР-да қару айналымына қатысты заңнамадағы өзгерістер күшіне енді

 

Оқсыз атылатын, лақтыратын, белгі беретін қаруды және негізігі бөліктерін заңсыз қолданғаны үшін тұрғын қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, қару сатып алу ережелерінде де жас шамасы өзгерген. 11 қыркүйектен бастап елімізде азаматтық және қызметтік қару айналымына қатысты заңнамадағы өзгерістер күшке енді.

ЕРБОЛ ҚАБЫРОВ, СҚО ПД ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің инспекторы:
–  Енді тегіс ұңғылы қаруды алу үшін азаматтың жасы 21-ден, иір ұңғылы мылтықты алу 24 жастан бастап рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, өзін-өзі қорғау мақсатында газ және электрлі қаруды 18 жастан бастап қана иеленуге болады. Әуелі медициналық тексерістен өту қажет. Осы орайда қойылатын талаптар да қатаңдатылып отыр.

ЕРБОЛАТ ҚАБЫРОВ, СҚО ПД ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің инспекторы
– Сондай-ақ, 076-У анықтамасын алу ережесіне өзгерістер енгізілді. Енді қаруды сақтауға және қаруды сатып алуға рұқсат беру үшін азаматтар ойынқұмарлыққа, жанжалқұмарлыққа және психотесттен өтеді.

Аталған талапқа қатысты тұлға 5 жылда бір рет тексерістен өтуі қажет. Тестілеу нәтижелері теріс болса, қаруды иелену құқығының күшін жою қарастырылған.


Гульден Симбаева