МТРА жаңалықтары

Кенесары ханның туғанына – 220 ЖЫЛ

Биыл қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының туғанына 220 жыл толып отыр. Осыған орай С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жиын өтіп, хан Кененің ерлікке толы өмір жолы жайлы айтылды.
Бүгіндері елінің тәуелсіздігін сақтау жолында Ұлт-азаттық көтеріліс жасап, қасық қаны қалғанша күрескен Кенесары ханның бас сүйегін туған жеріне қайтару жөніндегі мәселе өзекті болып отыр. Ол турасында ғалымдар бұрыннан бері айтып келеді. Солардың қатарында Қозыбаев университетінің профессоры Зылиха Бимақанова да бар. Тарихшы даңқты тұлға жайлы 7 ауқымды мақала жазған. Осыған дейінгі кейбір деректерде қазақ қолбасшысының бас сүйегі Эрмитажда деп айтылып келген екен. Бірақ, соңғы мәліметтер оны жоққа шығарып отыр.

 ЗЫЛИХА БИМАҚАНОВА, Қозыбаев университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты (04:04-04:41)
–  “Сол кезде өмір сүрген ақсақалдардың айтуы бойынша және деректерге сүйене отыра бас сүйегінің жатқан жері Омбыға келіп тіреледі. Степан Резнивтің айтқан мәлімдемесі, Кенесары ханның басының жоқ екендігін бірнеше дәлелдемелер келтіре отырып айтқан болатын-ды”.


Гульден Симбаева