МТРА жаңалықтары

Қазақстанда жастар жұмыссыздығы өршіп тұр

 

Қазақстанда жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,8%-ды құрады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бұл мәселе қалай шешілетіндігі жайлы айтылды, деп хабарлайды LS ақпараттық порталы. Өңірлер бойынша тоқталсақ, жұмыссыз қыз-жігіттердің көпшілігі Алматы қаласында екені анықталып отыр. Мұндағы көрсеткіш – 5,6%. Одан кейінгі сатыда – Қарағанды облысы мен елорда. Осы орайда айта кетейік, елімізде екі қолға бір күрек іздеуге көмектесетін мемлекеттік бағдарламалар іске қосылған. Бүгінде “Алғашқы жұмыс орны” жобасы бар. Қатысушылардың жалақысын мемлекет 91,8 мың теңге мөлшерінде субсидиялайды. Ал қатысу мерзімі 18 айдан аспайды. “Ұрпақтар келісімшарты” атты бастаманы да білген жөн. Тағы жастарға жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде 1 млн теңгеден астам гранттар беріледі.


Байболат Култанов