Білім

Білім саласына оң өзгерістер енгізілмек

 

“Біз қазақ тілін де, орыс тілін де жақсы білетін балаларды тәрбиелеуіміз керек”. Ел Президенті 1-ші қыркүйекте жасаған Жолдауында осылай деді. Раушан Қожамжарова – 5 жылдық тәжірибесі бар қазақ тілі мұғалімі. Қазіргі таңда нәзікжанды №12 орта мектепте еңбек етеді. Білім ұясында білім алатын ұл-қыздардың дені – өзге ұлт өкілдері. Бұл балалардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру үшін маман сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады екен.

РАУШАН ҚОЖАМЖАРОВА, №12 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі:
– Оқушылардың көбі өзге ұл-өкілдері болса да сабағымның басым бөлігі қазақ тілінде өтеді. Тек балалар түсінбеген кезде ғана орыс тілінде түсіндіремін.

Мәселе Жолдауда да көтерілді. Президент “Жайлы мектеп” жобасы жайлы айтты. Бұл бастама оқушыларды арқадағы ауыр жүктен, нақтырақ айтсақ, үлкен кітаптар мен зілдей сөмкеден арылтады. Елімізде біртіндеп цифрлық оқулықтар пайда болмақ. Нәтижесінде оқыту материалдар да жаңарады. Айта кетейік, билік енгізіп жатқан бағдарламаны №12 орта мектебінің басшылығы біртіндеп оқыту жүйесі барысында қолдануды бастап кетіпті.

АЙТҚОЖА БАУКЕНОВ, №12 орта мектебінің директоры:
қаз:10-18 Физика, математика, тарих сабақтары ноутбуктың көмегімен өтеді. Оның ішіне оқыту бағдарламасы енгізілуде. Кітапты бірден тастау ойымызда жоқ. Оған әрине уақыт керек.

Ел Президенті қазіргі талаптарға сай көзі ашық, көкірегі ояу мұғалімдер дайындау қажеттілігін де айтты. Себебі, заман дамуда. Осыдан 5-10 жылғы білім беру жүйесі мен қазіргіні салыстыруға келмейді. Мұны Динара Балтабай да алға тартуда. Қолына биыл ғана дипломын алған бұрымды қазір №12 орта мектепке химия пәнінен сабақ береді. Өзі оқыған мен қазір оқытып жатқан химияның арасы жермен көктей, – дейді жас маман.

ДИНАРА БАЛТАБАЙ, №12 орта мектебінің химия пәні мұғалімі:
– Өзім мектеп оқып жүрген кезде химия сабағы дәстүрлі форматта өтетін. Қазір жаңа формат енгізіліп отыр. Түрлі әдістер қолданылады. Видео материалдар мен топтық жұмыстар көп. Өзіме топтық жұмыстар ұйымдастырған ұнайды. Балалар бір-бірімен жұмыс істейді. Мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс болады.

Қазіргі таңда №12 орта мектепте 40-қа тарта мұғалім бар. Оның екеуі білім ұясына биыл келген екен, ал мектептегі оқушылар саны 300-ден асады.


Алдияр Айтпаев