МТРА жаңалықтары

Бәсекеге қабілетті жастар – ұлт болашағы

 

Жергілікті университет студенттеріне біліктілікті арттыру тренингі өткізілді.

Елдің дамуы мен өркендеуінің негізгі тұтқасы – айбынды да белсенді жастар. Сондықтан, бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу – мемлекеттік идеологияның берік негізі. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өз сөзінде атап өтіп, кіші буынға үлкен сенім артып отырғанын айтты. Өз кезегінде қазіргі жастар да ел өміріне, саясатқа араласып, өз пікірлерін ашық жеткізуде.

РУСЛАН АСАУБАЕВ, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталық” РҚБ СҚОФ жетекшісі:
– Осындай кездесудің басты мақсаты – жастардың білімін молайту. Тренинг барысында біз жастарға азаматтық қоғам, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі немен айналысатынын түсіндіреміз. Сондай-ақ, жастар жағы аталған ұйымдарға қалай көмектесе алатыны жайлы айтамыз. Алдағы айда елімізде сайлау өтеді. Қазіргі таңда маңызды науқанға еріктілер мен бақылаушыларды іріктеу жүріп жатыр. Жастар белсенділік танытып, еліміздің саяси өміріне қатыса алады.

Студенттер өз кезегінде алдағы сайлауға ат салысуға әзір екендіктерін айтты. Кездесу барысында жас мамандар өздерін қызықтыратын тақырыптар бойынша бірқатар сұрақ қойды. Жастардың көбі мемлекеттік сатып алу мен үкіметтік емес ұйымдарға қатысты сауал жолдады.


Дана Ешкенова