МТРА жаңалықтары

Жазда зейнеткерді тонап кеткен ер адам 2,5 жылға сотталды

Ұрлық түбі – қорлық. Жуырда қала тұрғыны қарақшылық жасағаны үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. 39 жастағы ер адам ағымдағы жылдың шілде айында Ғ.Мүсірепов көшесімен келе жатқан мүгедек адамға тарпа бас салып, әмиянын алып кеткен. Көз жанарының ақауы бар қарт адам ұрының бет-әлпетін сипаттай алмаған екен. Баукеспені полицейлер камералардың көмегімен бір сағаттың ішінде анықтады. Жуырда бұл іске қатысты сот отырысы өтіп, бұрын да басы істі болған ер адам 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жалпы, соңғы 9 айда өңірде 28 тонау фактісі тіркелді. Бір ұры іздеуде жүр, қалғаны ұсталды.


Дана Ешкенова