Спорт

Петропавлда шағын футболдан жарыс өтті

Петропавлда №42 орта мектебінде оқушылар мен ұстаздар арасында шағын футболдан жарыс өтті. Сайысқа 4 мектептен 40-қа жуық адам қатысып жатыр.

Алаңда – 27-ші мен 31-ші мектептерінің оқушылары. Ойын қызу өтіп жатыр. Жастар бір-біріне дес берер емес. Соңында 6:3 есебімен 27-ші мектептің оқушылары озып шықты.

КОНСТАНТИН ГОЛОГАНОВ, жарысқа қатысушы
– Кездесу тартысты өтті. Біз бұл ойынға көп уақыт дайындалдық. Нәтижесінде қарсыластырамызды басып оздық.

Бұл дәстүрлі жарысты жергілікті адагерлер кеңесі ұйымдастырып отыр.

ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары
– Осы турнирді Валерий Маслов жиі өткізуші еді. Сол кісіні еске алып, өткізген жұмыстарын жалғастырамыз. Биыл 42-ші мектепте болса ендігі 44-ші, 27-ші, 31-ші мектептерде өткізілуі мүмкін.

Ойын соңында жарыс қатысушыларына алғыс хат пен грамоталар табыс етілді.


Гульден Симбаева