МТРА жаңалықтары

Петропавлда есірткі саудалаған 2 жігіт ұсталды

 

Петропавлда есірткі затын саудалаған және жарнамалаған екі жігіт құрықталды.
20 және 22 жастағы екеуі «Telegram» каналы арқылы синтетикалық есірткі сатқан. Олардың өзінен және жалдап тұрып жатқан пәтерлерінен полимер түйіншіктер тәркіленді.

ЛЮФТ: – Вот мы сразу видим – под пепельницей находится полимерный пакет с веществом растительного происхождения. Также наблюдаем, да?) Наркосбытчики опервидео изъятие

Сондай-ақ, пәтерден тағы 500 орама еліткіш зат анықталды.

Сараптама нәтижесіне сәйкес, полимер түйіншіктегі зат «спайс» атауымен белгілі психобелсенді заттың концентраты болып шықты. Оның мөлшері 250 грамнан асады.

Руслан Үмбетов, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары
– Олардың әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексі 297-бабының 3-бөлігі, 1-ші және 5-тармақтары бойынша және 299-1-бабы бойынша есірткі заттарын заңсыз жарнамалау және насихаттау бойынша сараланады. 

Енді жас жігіттер 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Жалпы, жыл басынан бері өңір полицейлері заңсыз айналымнан 383 келі еліткіш зат тәркілеген. Оның 2 келісінен астамы – синтетикалық есірткі.


Дана Ешкенова