МТРА жаңалықтары

Өнерлі отбасы

 

Тимирязев ауданына қарасты Дружба ауылындағы бірден көзге түсетін үй осы. Баспана иелері – Новиковтер отбасы. Ерлі-зайыпты Павел мен Татьяна өнерге жақын. Жылда баспаналарын түрлі түске бояп, осылай күз болса да айналаға жаздай көңіл сыйлағымыз келеді дейді. Үйдің қоршауына, гаражға белгілі мультфильм кейіпкерлерін салған. Бұл істе ата-анаға балалары қолғанат.

ТАТЬЯНА НОВИКОВА, Дружба ауылының тұрғыны, Тимирязев ауданы
– Жуырда үйді безендіру жөнінен ауылішілік байқауға қатыстық.
Байқауға қатысу жөнінде ұсыныс түскенде қуана келістік. Осындай шаралар отбасының ұйымшылдығын арттыра түседі.

Новиковтер отбасы шығармашылықпен бірге үйдегі шаруаларын да уақытында тындырып үлгереді. Келе жатқан қысқа сақадай сай. Балалардың анасы жертөле толы көкөніс тұздап, тосап әзірлеген. Өздерінің жылыжайлары да бар.

ТАТЬЯНА НОВИКОВА, Дружба ауылының тұрғыны, Тимирязев ауданы
– Жаз бойы көкөніс пен жеміс-жидек күтіп-баптаумен айналысамыз. Кейін оны қысқыға банкіге тұздап немесе қант қосып қайнатып салып қоямын. Биылғы өнім мол болды.

Үйдің отағасы Павел Новиков «Үсенов» шаруа қожалығында механизатор болып жұмыс істейді. Жазда танап басында жұмыс істесе, қыста қар тазалаумен айналысады. Жалақысы тұрақты түрде беріліп тұрады. Ендеше тиісті отын-көмірін де алуға болады. Малға деген шөпті шаруа қожалығы берген.

ПАВЕЛ НОВИКОВ, Дружба ауылының тұрғыны, Тимирязев ауданы
– 2009 жылдан бері жергілікті «Үсенов» шаруа қожалығында жұмыс істеймін. Қожалық басшылығы жұмысшыларына жақсы қолдау көрсетеді. Отын, жем-шөппен қамтамасыз етеді. Өзіміздің азын-аулақ малымыз бар.

Еңбекқор отбасы ауылда мал мен жұмысың болса, жайлы өмір сүруге болады дейді.


Самал Жунусова