МТРА жаңалықтары

Әркімнің дауысы маңызды

Әркімнің дауысы маңызды. Жергілікті волонтерлер осындай атаумен президенттік сайлауалды науқан аясында акция ұйымдастырып жатыр.
Қолдарына ақпараттық қағаз ұстаған жастар қаланың басты көшесінде әр тұрғынмен тілдесіп, алдағы сайлауға бір кісідей ат салысуға шақыруда.

Акцияға 10-ға жуық ерікті қатысып жатыр. Олар қарашаның 20-сына дейін осындай іс-шараны күнделікті түрде өткізбек.

АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, СҚО еріктілер фронт-офисінің жетекшісі:
– Акцияның басты мақсаты – халықты ақпараттандыру. Себебі, көбі сайлаудың қашан өтетіні жайлы білмейді. Біз таратып жатқан қағазда маңызды саяси науқан жайлы толық ақпарат жазылған. Осындай дүниенің күніне 300-ға жуығын таратамыз

.

Петропавлдықтар да өз кезектерінде еріктілердің қолын қайтармай, ақпараттық қағазды алып, танысуда. Белсенді жандар алдағы маңызды саяси оқиға жайында өз пікірлерін де білдірді. Араларында сайлауға алғаш рет қатысқалы жатқан жастар да бар.

БЛИЦ;
–  Бұл әр адамның борышы деп санаймын. Сайлау біз үшін өте маңызды.00:44 Жасым 20-да. Сайлауға бірінші рет қатысқалы жатырмын.
–  Сайлаудың болғаны жақсы ғой.
– Халық маңызды саяси науқанды асыға күтуде. Менің әріптестерім, туыстарым сайлауға бір кісідей барамыз деп отыр.

Сөз соңында еске сала кетейік, қарашаның 20-шы жұлдызында елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтеді.


Дана Ешкенова