МТРА жаңалықтары

Прибрежноеда ауылішілік жолдар жөнделуде

Талай жыл бойы тұрғындардың берекесін қашырып келген жол мәселесі биыл шешімін тауып жатыр. Елді мекендегі ауылішілік жолдар қалпына келтірілуде. Бүгінде орталық көшеде шаруа аяқталған. Кеше техника тізгіндеген

 

Талай жыл бойы тұрғындардың берекесін қашырып келген жол мәселесі биыл шешімін тауып жатыр. Елді мекендегі ауылішілік жолдар қалпына келтірілуде. Бүгінде орталық көшеде шаруа аяқталған. Кеше техника тізгіндеген мамандар Достық көшесін жөндеуге кірісті.

ЗЕЙНЕП ТАНЫБАЕВА, Прибрежное ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:
– Осы ауылдың тұрғындарының да көңілдері көншімеді. Қандай үлкен ауыл, 1500-нан астам халқы бар. Бірақ, жолдары өте нашар болды. Әйтеуір, биыл қаражат бөлініп, жол салынды. Біз өте қуаныштымыз, қазір жол тамаша.

Ауыл тұрғындарының біразы Петропавлға барып-келіп жұмыс істейді. Жолаушыларды күнделікті 14-бағыттағы автобус тасымалдайды. Алайда, бейнет көрген жүргізушілер бұл жаққа келуден мүлдем бас тартқан кездері де болыпты. Тұрғындар 150 млн теңге бағытталып отырған жол жөндеу жұмыстары сапалы атқарылады деген үмітте.

ДӘУРЕН РАМАЗАНОВ, Прибрежное ауылдық округінің әкімі, Қызылжар ауданы:
– Қазір 1,4 км асфальт салынды. Ауа райына қарай жұмыстар жалғасын табады. Бағдарлама екі жылға бағытталған. Биыл аяқтай алмаса, ендігі жылы бітіреді деп ойлаймыз. Қаражат жетеді. Бізде 5 көшеде күрделі жөндеу болады. 3 кіреберіс жол және оларды жалғастыратын жолды жасаймыз ба деп отырмыз.

Балалар болса, тақтайдай тегіс жолда велосипед теуіп, рахатын көруде. Олар үшін биыл жаңа спорт алаңы да салыныпты.

РОДИОН ЛЕЙМАН,
– Бұрынғы алаңда ойнау өте ыңғайсыз еді. Жасанды жабынды қатты болған, оның үстіне жүгірген кезде аяғымыз сырғанайтын. Балалар бұл жерде аса ойнағылары келмейтін. Қазір бәрі өзгеріпті, қақпа да жаңартылған. Күн сайын осында ойнап уақыт өткіземіз.

Шағын футбол алаңынан бөлек, ұл-қыздар жақын маңда тренажерлермен де жаттыға алады. Тұрғындарға спортпен айналысуға қолайлы жағдай жасау үшін 16 млн теңге жұмсалған.


Алтынай Казиканова