Әр түрлі

Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады?

Қазақстандықтар қазан айында 20 күн жұмыс істеп, 11 күн демалады екен. Айдың соңында, яғни қазанның 25-і ел тұрғындары Республика күнін атап өтеді. Атаулы датаға байланысты ел азаматтары қатарынан 3 күн, яғни 23-і, 24-і және 25-і күндері тынығады. Демалыс күндері аптаның басына келгендіктен сенбі, 22-і жұмыс күні болады.

Самал Жунусова