70-80-ші жылдары жазылып, арналған адамына жетпей қалған. Петропавлда көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары бір бума ескі хат пен газет тауып алды. Уақыт табымен сарғайған дүниелер подъезде ілініп тұрған почта жәшігінің артына сырғып түсе берген. Хат пен газеттердегі уақыт аралығы Брежнев пен Горбачев заманын, 90-шы жылдарды қамтиды. Содан бері көп нәрсе өзгерсе де үйдің мекен жайы өзгермеген. 47-ші үйдің тұрғындарына арналған хатта туыстары мен жақындары 1-ші мамырмен, 7-ші қарашамен құттықтаған. Ал енді біреуі Грузиядан сәлемдеме жолдаған. Подъезде жөндеу жұмыстары жүргізілмесе жасырын қалған дүние тағы бірнеше жылға көзден таса қалар еді. Хаттарды тауып алған тұрғындар енді конверт сыртында жазылған жандарды немесе олардың туыстарын іздестіріп жатыр.
Әзірге, екі адам жауап қатқан.
ВИКТОР ГЕРАСИМОВ, қала тұрғыны:
Пошта жәшігінің артынан түрлі түбіртектер түсе бастады. Қағаздар бұрынғы ескі машинкамен жазылған. Табылған дүниелерде элеватор туралы, орақ науқаны жайында жазылған.
Гульден Симбаева