Әр түрлі

Белорустық аяқ киім жәрмеңкесі

ГҮЛДЕН СИМБАЕВА – тілші
Жәрмеңкеде аяқ киіммен қатар енді сыртқы киім де сатылмақ. Мұнда қысқы курткалармен мен ішіктер қойылған. Сыртқы киімдер – ресейлік өнімдер.

Ішіктер түйе жүнінен тігілген, ал курткалар биомамықпен толтырылған.
Сатушылардың айтуынша гиппоаллергенді, жылы, суық өткізбейді.
Жуылған кезде де реңі өзгермейді. Бағасы да көңілге қонымды. Көрші елден сыртқы киімнің 500-ге жуығы жеткізілген.

ЕВГЕНИЙ КАЛАЧЕВ – сату жөніндегі менеджер:
– Нәзікжандыларға арналған сыртқы киімдердің өлшемі 50-ден басталып, 70 -ке дейін жетеді. Ерлерге арналған өлшемдер 60 пен 70-тің аралығында. Барлық киімдердің бағасы 20 мың теңгеден басталады.

Сонымен қатар, өткен аптада ортопедиялық аяқ киімдердің 100-ге жуығы сатылған. Сауда қарқыны қызу. Бұл жәрмеңкеде табаны жалпақтау келген, бақай сүйегі шығыңқы келген жандар да өздеріне ыңғайлы аяқ киім таба алады. Шетелдік өнімдер, әсіресе, зейнеткерлер арасында сұранысқа ие.

Мұндай жәрмеңке бүгінге дейін еліміздің 9 қаласында ұйымдастырылыпты. Беларустық аяқ киім саудасы қазанның 9-ына дейін жалғасады. Тұрғындар қажетті тауарды Ж.Жабаев көшесі 82а мекенжайы бойынша орналасқан нысаннан таба алады.

Гульден Симбаева