Өңірдегі 24 колледжің 12-сінде аспаздар, кондитерлер, технологтар мен наубайханашылар даярланады. Жалпы – 5 мыңға жуық студент. Соңғы кездері аталған мамандыққа ден қойған жастардың қатары қалың дейді семинарға қатысушылар.Бір ғана Петропавл жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде 400 жас білім алып жүр. Олардың барлығы грантта оқиды.
ЖІБЕК ЗЕЙНОЛОВА, Петропавл жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің оқытушысы:
– “Қалада мейрамханалар мен дәмханалар жиі ашылады. Әрдайым кадр керек.
Біздің оқытушылар білімі мен біліктілігі жоғары. Сол себепті, біздің студенттер сұранысқа ие. Мейрамхана, кәсіпорындармен келісіп, студенттерді тәжірибеден өтуге жібереміз”.
Дегенмен, қазіргі таңда облыс орталығының өзінде ғана 80-ге жуық маман тапшы дейді рестораторлар. Сондай-ақ, асүй қызметкерлеріне деген сұраныс күннен-күнге артуда. Осы ретте оқу ордаларына қойылған талап та жоғары.
РОЗА СӘРКЕН, Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының директоры:
Жиын аяқталған соң, семинар қатысушыларына «Алтын орда» мейрамханасының аспаздары шеберлік сағатын ұйымдастырды. Олар сірне, балқаймақ, қуырдақ дайындаудың 3 әдісі және белкөтерер сынды қазақтың ұлттық тағамдарын дайындауды үйретті.
Гульден Симбаева