Тұтынушылардың құқықтарын қорғау – өзекті мәселелердің бірі. Жыл сайын уәкілетті органдарға тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі келіп түсетін өтініштер саны азаймай тұр. Тіпті өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 25 пайызға артқан. Дені бөлшек және электрондық сауда мен тұрмыстық қызмет көрсету салаларына қатысты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды. Сонымен қатар, жиында заңбұзушылықтар санын едәуір азайтуға бағытталған жаңа заң жобасы туралы да қаузалды.
ЛӘЗІМ МИЯШЕВА, СҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы:
– Қазіргі уақытта 2020 жылы енгізілген тұтынушылардың шағымдарын қарау мен шешудің үш сатылы алгоритмі тұтынушының азамат ретінде сотта қорғалуына және конституциялық құқығын жүзеге асыруға қосымша кедергі жасады. Тұтынушылардың талаптарын соттармен қайтару тәжірибесі қалыптасты. Заң нормаларының әртүрлі оқылуына байланысты, сондай-ақ, азаматтардың кедергісіз сот арқылы қорғалуға конституциялық құқығын ескере отырып, “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру мақсатында үш сатылы алгоритмді жетілдіру ұсынылды.
Самал Жунусова