Құқық қорғау органдары

Полицейлер жаңа туған баласын тастап кеткен келіншекті тауып алды

М.Жұмабаев ауданының тұрғыны аудандық ауруханада босана салысымен баласын қалдырып кеткен. 28 жастағы келіншек сәбиінен бас тартуы мүмкін деп күдіктенген дәрігерлер полиция қызметкерлеріне хабарласады. Содан нәзікжанды ойын өзгертіп, баласын алып кеткен, бірақ, сол кетісімен белгіленген уақытта тексерілуге келмеген.
Мерзімінен бұрын туылған сәбиді уайымдаған дәрігерлер балалы әйелді өздері табуға тырысады. Одан түк шықпаған соң тәртіп сақшыларына хабарласады. Мамандар әйелді бір күннің ішінде тауып, нәрестемен бірге ауруханаға жеткізеді. Ювеналды полицейлер аталған оқиға жөнінде тиісті комиссияға хабар берген. Нәзікжандының тұрмысының төмендігін айтып арыз жазуына байланысты нәрестені уақытша қаладағы Сәбилер үйіне орналастыру жөнінде мәселе қарастырылып жатыр.

Алдияр Айтпаев