Өңір еріктілері жан баққан жандарға көмектесуде. Күні кеше волонтерлер Ресейден келген 200-ден астам адамға қол ұшын созған. Ал бүгін түске дейін 50-ге тарта ресейлікке жәрдем берген. Жаны жайсаң облыс жастары мобилизация салдарынан Қазақстанға ағылған көрші елдің тұрғындарын ас-сумен, қажетті дүниелермен қамтамасыз етуде. Айта кетейік, қазіргі таңда келушілер темір жол вокзалы мен ойын-сауық орталықтарын жағалап жүр.
АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, СҚО еріктілер фронт-офисінің жетекшісі:
– Қазіргі таңда ресейліктерді ақпараттандыру жұмысын жүргізіп жатырмыз. Оларға қаланы таныстырып, бағыт-бағдар берудеміз. Такси шақырту қызметін де үйретудеміз. Жалпы, қазіргі таңда көрші елден елімізге пана іздеп келген тұрғындар sim-карта алуда біраз кедергіге тап болды. Бұл тұрғыда да тиісті көмек берілуде. Қалада 30-дан астам ерікті жұмыс істеп жатыр.
Алдияр Айтпаев